Ақтөбеде жетім балаларға арналған Қазақстанда баламасы жоқ әлеуметтік үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жетім балаларға арналған Қазақстанда баламасы жоқ әлеуметтік үй салынады

25.07.2015
Ақтөбеде жетім балаларға арналған Қазақстанда баламасы жоқ әлеуметтік үй салынады

Жақында Ақтөбеде 18-29 жастағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған әлеуметтік үй салынады, деп жазады aktobegazeti.kz сайты.

Құрылыс жұмыстарын салу үшін жер дайын. Кірпішті ауылынан 3 гектар жер берілген. Екі қабатты коттедж үлгісінде салынатын үйлерде бір бөлмелі 80 пәтер болмақ.

Жобалау жоспарына сай мұнда оқу-өндірістік кешен бой түзейді. Мұндағы жастардың біразы сол кешендегі шаштараз, фотосалон, тігін және аяқкиім жөндеу шеберханаларында еңбек етеді.

Еліміздің ешбір өңірінде баламасы жоқ бұл жоба облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолдауымен қолға алынды. Әлеуметтік үйді «Сәби» қайырымдылық қоры салады. Сонымен қатар, әр пәтерді, ондағы басқа нысандарды толықтай жабдықтап береді.

Соңғы жылдары облыстық «Алға» балалар үйі мен «Үміт» сәбилер үйінде де жетім балалардың саны азайып келеді.

 

Хабарламаларға жазылу