Қазақстандық спортшылар президенттік көпсайыста жемісті нәтижелер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар президенттік көпсайыста жемісті нәтижелер көрсетті

21.09.2015
Қазақстандық спортшылар президенттік көпсайыста жемісті нәтижелер көрсетті

Халықаралық спорттық аренада еліміздің намысын АОСК-ның кіші сержанты Елена Лютенец, АОСК-ның қызметкері Артур Бальзам еліміздің намысын қолдан бермеді.

Жеке сынақта Артур Бальзам бес түрдің қорытындысы бойынша бірінші орынға шығып, алтын медальмен марапатталды.

Ал, кіші сержант Елена Лютенец үшінші орын алып, қола жүлдені иемденді.

Қазақстандық спортшылар спорттың бірнеше түрі: оқ ату, спринт, жүзу, граната лақтыру және кросстан өнер көрсетті.

Президенттік көпсайыс бойынша халықаралық чемпионатқа әлемнің 13 елінен 196 спортшы қатысқанын атап өткен жөн. Сайыс қорытындысы бойынша екі әскери қызметші өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық құрамасы екінші жалпыкомандалық орынға қол жеткізді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

 

Хабарламаларға жазылу