Жыл басынан бері Астанада тұрғын-үй құрылысының инвестиция көлемі 92 млрд теңгеден артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Астанада тұрғын-үй құрылысының инвестиция көлемі 92 млрд теңгеден артты

20.10.2015
Жыл басынан бері Астанада тұрғын-үй құрылысының инвестиция көлемі 92 млрд теңгеден артты

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 18,3 пайыз болды.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1274751 шаршы метр 11 576 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда  61,6 пайызға жоғары.

Жеке салушылармен жалпы ауданы 32 911 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65 пайызға құрайды.

Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі жыл басынан бері 2,6  пайызды құрады.

Елордада тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 116,6 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 82,2 мың теңгені құрады.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу