Қазақстанның халықаралық резервтері 100 млрд. доллардан асты - Қ.Келімбетов

21.10.2014
Қазақстанның халықаралық резервтері 100 млрд. доллардан асты - Қ.Келімбетов

Қазақстанның халықаралық резервтері 100 млрд. АҚШ долларынан асып отыр. Бұл туралы бүгін мәлім етті.

«Еліміздің халықаралық резервтері жалпы 104 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Ұлттық қор 76,2 млрд. долларды қамтып отыр», - деді Қ.Келімбетов.

Ұлттық банктің халықаралық резервтері жыл басынан бері 13 пайызға артты, жалпы алғанда еліміздің халықаралық резервтері биылдың басынан бері 9 пайызға өсті.

Банк басшысының айтуынша, биылғы қыркүйекте Ұлттық банктің халықаралық резевтерінің артуы байқалды. Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 0,8 пайызға жоғарылап, 28 млрд. долларға жетті. Тамыздың соңында оның көлемі 27,7 млрд. долларды құраған болатын.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу