Ә. Жақсыбеков елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланыс орталығын іске қосуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә. Жақсыбеков елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланыс орталығын іске қосуды тапсырды

19.10.2015
Ә. Жақсыбеков елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланыс орталығын іске қосуды тапсырды

Ә. Жақсыбеков елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланыс-орталығын іске қосу мәселесіне де ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта әкімнің тапсырмасына сәйкес, қаладағы барлық қызметтерді бір жүйеге тоғыстыратын аталған байланыс орталығын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталық «бір қоңырау» принципі бойынша жұмыс істейтін болады.

Бірыңғай орталыққа қаланың әрбір тұрғыны өзін алаңдатқан кез-келген мәселе бойынша хабарласып, кең көлемде толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік алады.

Байланыс орталығының бағдарламалық жабдықталуы тұрғындардың шағымдарын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Нәтижелер мен статистикалық мәліметтер «Басшы панелінде» көрсетіліп тұрады.

Ә. Жақсыбеков аталмыш жоба қала үшін өте қажет екенін және оның болашақта қаладағы барлық қызметтерді бақылау мен бағалау құралына айналатынын айтты.

Әкім Бірыңғай интеллектуалды байланыс-орталығын 15 қарашада пилотты түрде іске қосуды, ал 1 қаңтардан бастап қала тұрғындарына толыққанды қызмет көрсетуін бастауды тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Осылайша, Астана «ақылды қала» туралы пікірдің орнығуын дамытып, бекіте түсуі керек.

 

 

Хабарламаларға жазылу