Алматының әкімі Бауыржан Байбек қаланың бірқатар құрылыс нысандарын аралады

07.09.2015
 Алматының әкімі Бауыржан Байбек қаланың бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Ол бүгін  «Жас қанат» ықшам ауданындағы қазандықтың, мектептер мен емханалардың қысқа дайындығын тексеріп, тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Қала басшысы қазандықты биылғы жылдың қазан айында дейін іске қосуды, осы кезеңде №28 емхананы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.  

Сонымен қатар Алматы әкімі теміржолы жоқ «GEGA» ЖШС-нің логистикалық орталығында болды.

Ол жерден белгілі болғанындай,  «ALGCompany» ЖШС теміржолмен байланыс жасауға келісім бермей отырған көрінеді. Әкім бұл мәселені де мұқият зерттеуді бұйырды.

Бұлардан өзге мегаполис басшысы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында да болды. «Алматы-1» теміржол вокзалы маңындағы «Сапар» ЖШС базарын аралады.

Аталмыш сауда орнының санитарлық, өртке қарсы және архитектуралық нормаларға сай еместігін ескертіп, оны сүріп тастауды тапсырды. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, базар басшылығы бұл жерге сауда орталығын салуды жоспарлаған.

Әкім «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы аясында салынған көппәтерлі тұрғын үйді де көрді. Бұл бағдарлама ауданда 2013 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Каркас пен қамыстан салынған екіқабатты ескі үйлердің орнына бес қабатты заманауи үйлер бой көтерген, соның арқасында қосымша жылу мен жарық көздері де қажет етілуде.

Шара соңында қала әкімі барлық атқарушы органдарға алда тұрған міндеттерді орындауда жауапкершілікті күшейтуді бұйырды.

 

Хабарламаларға жазылу