Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жаңа жүйе туралы білесіз бе? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жаңа жүйе туралы білесіз бе? (ВИДЕО)

16.10.2015
Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жаңа жүйе туралы білесіз бе? (ВИДЕО)

Онлайн форматтағы қызметтерге қатысты сан алуан пікір бар. Біреулер оған сенімсіздікпен қараса, енді біріне бұл аса қиын сияқты көрінеді.

 Ал, кейбір жандар өз уақытын, ақшасы мен күш-жігерін үнемдеп, электронды қызметтерді тиімді пайдаланады.

Уақытты, бизнесті, тіпті өмірді дұрыс ұйымдастырудағы алғашқы қадам – электронды цифрлы қолтаңбаның кілттерін алу. Ал, қазіргі уақытта  электронды цифрлы қолтаңбаны SIM-картаға орната аласыз.

Пилоттық жоба  Астана мен Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылуда.

SIM-карталарда мобильді электронды цифрлы қолтаңбаны пайдалану – азаматтарға e-gov мобильді қосымша көмегімен мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүлік туралы ақпарат, зейнетақы төлемдері туралы  анықтамаларды және өзге де ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.

Электронды цифрлы қолтаңбаны SIM-картаға орнатудың артықшылықтары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу