Халықаралық қызмет көрсету орталықтарының негізінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық қызмет көрсету орталықтарының негізінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы құрылады

08.09.2015
Халықаралық қызмет көрсету орталықтарының негізінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы құрылады

Келер жылдың басында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын тоқтатып, бірыңғай жүйе енгізіледі.

Корпорация аясында бірінші кезеңде төрт ұйымды біріктіру көзделіп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталығы, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, Жылжымайтын мүлік орталығы және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» бірыңғай жүйеде қызмет етеді.

Заң жобасының авторлары мемлекеттік корпорацияның шын мәнісінде халыққа қызмет ететініне сенімді. Заңдағы өзгерістер қабылданып жатса, жаңа ұйым 2015 жылдың бірінші тоқсанынан жұмысқа кірісуі тиіс.

 

 

Диана АХМЕТЖАН

Хабарламаларға жазылу