«AlmatyInvest-2014» инвестициялық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AlmatyInvest-2014» инвестициялық форумы өтеді

03.10.2014
«AlmatyInvest-2014» инвестициялық форумы өтеді

17 қазанда Алматы қаласында «AlmatyInvest-2014» екінші халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Форумды өткізудегі мақсат – Алматы қаласының инвестициялық әлеуетін арттыру. Шараны Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырылып отыр.

«AlmatyInvest-2014» жұмысына Қазақстан Үкіметі мен Парламент мүшелері, дипломатиялық корпус өкілдері, алыс-жақын шетелден келген сарапшылар, бизнес-құрылым өкілдері, халықаралық ұйым жетекшілері және т.б. қатысады.

«AlmatyInvest» - бизнес пен биліктің ашық сұхбаты, Орталық Азияның ірі қалаларының біріне инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастыруға арналған бірегей алаң.

Форум кәсіпкерлерге тәжірибе алмасуға, қаланың бизнес-ортасын жақсарту жайын талқылауға, сондай-ақ, Алматыны дамытуға бағытталған үздік инвестициялық жобаларды ұсынуға қолайлы жағдай тудырады.

Бұдан бөлек, конференция шеңберінде «жасыл экономика» стандартын енгізу, технологиялық ілгерілеу қарқынына ілесіп,  қала инфрақұрылымын дамыту, қаланың өндірістік қуатын ұлғайту және т.б. мәселелер қаралады. Сонымен қатар, инновациялық бастама-жобалар көрмесі өтеді. 

Хабарламаларға жазылу