Басты Жаңалықтар «Абай» сыйлығының тұңғыш иегері Ғалым Жайлыбай «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

«Абай» сыйлығының тұңғыш иегері Ғалым Жайлыбай «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

«Абай» сыйлығының тұңғыш иегері Ғалым Жайлыбай  «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай  - енді Халықаралық «Абай» сыйлығының тұңғыш иегері. Ақын бұл құрметті халықтың өзіне артқан зор сенімі деп біледі.

«Абай» сыйлығы  - тосынсый болды. Былтыр 5 кітабым жарық көрді. Осы еңбегімді таразыға салған шығар.  Бұл - мен үшін үлкен сыйлық. Себебі «Абай» сыйлығының тұңғыш иегері атану – екі ақынның бірінің маңдайына жазыла беретін бақыт емес», - дейді Ғалым Жайлыбай.

Сондай-ақ, ол Қазан қаласында өткен XI Түркі халықтарының поэзия фестивалінен түйіп қайтқан ойлары және алған әсерімен бөлісті.

«Фестивальге 23 елден 100-ге жуық ақын қатысты. Қазақстаннан Дәурен Берікқажы және Танагөз Толқынқызы – үшеуміз бардық. Бүгінгі түркі әлемінің мұндай шараларды өткізуі – халықтардың бір-бірін танып, араласуына, әдебиет байланысына септігін тигізеді. Басқасу жоғары деңгейде өтті», - дейді Ғалым Жайлыбай.

Сұхбатты  «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Бөлісу