Бокстан Әлем чемпионаты – 2015. Зәкір Сафиуллин ресейлік Адлан Абдурашидовтен ұтылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Әлем чемпионаты – 2015. Зәкір Сафиуллин ресейлік Адлан Абдурашидовтен ұтылып қалды

08.10.2015
Бокстан Әлем чемпионаты – 2015. Зәкір Сафиуллин ресейлік Адлан Абдурашидовтен ұтылып қалды

60 келідегі сынға түскен қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин өзінің алғашқы Әлем чемпионатының бірінші кездесуінде ресейлік боксшы Адлан Абдурашидовке 2:1 есебімен есе жіберді.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Екінші раундта Зәкір Сафуиллин ширақ қимылдап, басымдықты өз қолына алғандай болған еді. Бірақ, шешуші сәтте төрешелір 2:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді.

Еске сала кетейік, кеше 52 келідегі Олжас Сәттібаев келесі кезеңге өткен еді.

Хабарламаларға жазылу