Пакьяо бокстан кетейін деп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пакьяо бокстан кетейін деп жатыр

07.10.2015
Пакьяо бокстан кетейін деп жатыр

Филипиндік боксшы Мэнни Пакьяоның кәсіби бокстан кететін ойы бар.

«Мен бокстан кетуге дайын сияқтымын, өйткені бокспен бірге болғаныма 20 жыл болды. Болашақта мен көптеген үйреншікті әдеттерден арыламын, Сенатор болған соң басты мәселе жұмыс пен отбасыңмен байланысты болуы керек»,-деп келтіреді боксшының сөзін Boxingscene.

Естеріңізге сала кетейік,  осыған дейін Мэнни Пакьяоның 2016 жылы Филипин Сенатының депутаттағына ұсынылғаны айтылған болатын. 

Мэнни Пакьяо бокстағы соңғы кездесуін әйгілі американдық боксшы Флойд Мэйвезермен өткізді. Бұл кездесу Лас-Вегаста 2-мамыр күні өтті.   

12 раундтық кездесудің қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті WBA, WBC дәрежелерінің чемпионы американдық боксшыға берді. Сөйтіп, ол өзінің қарсыласына тиесілі WBO белбеуін жеңіп алды.

Осы кездесуден соң филипиндік боксшы өзінің иығының жарақат алғандығына қарамастан, кездесуге шыққандығын айтқан, ал бұл ережеге қайшы. Мұндай әрекеті үшін оған айып салып, тіпті сайысқа шығуға тыйым салынуы да мүмкін.   

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу