Флойд Мэйвезер Мэнни Пакьяодан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флойд Мэйвезер Мэнни Пакьяодан басым түсті

03.05.2015
Флойд Мэйвезер Мэнни Пакьяодан басым түсті

Лас-Вегастың MGM Grand аренасында өткен кездесу 12 раундқа созылды және 118-110, 116-112, 116-112 есебімен Флойд Мейвезердің жеңісімен аяқталды. Осылайша, ол өзінің еншісінде WBA және WBC белбеулерімен қатар, Пакьяоның WBO титулын да қоса алды. Мейвезердің бұл 48 жекпе-жектегі 48-ші жеңісі. Пакьяо болса, өз мансабында 6-шы рет жеңіліске ұшырады.

Мұның алдында хабарланғанындай, Мейвезер 180 миллион доллар алса, Пакьяо 120 миллион долларды иеленеді.

12 раундтық жекпе-жекті көптеген сарапшылар «ғасыр жекпе-жегі» деп атады. Екі үміткер барлық санаттардағы әлемнің үздік боксшысы атағын иелену үшін рингке шықты.

Жұдырықтасу кезінде Мэнни Пакьяо барынша белсенділік танытқанымен, қарсыласынан басым түсе алмады. Флойдтың дәлме-дәл соққылары оған бірінен соң бірі тиіп жатты. Пакьяо болса, қарсыласына тойтарыс беретіндей тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана алмады. 

Хабарламаларға жазылу