Сарапшылар ең үздік 100 әлемдік брэндті атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар ең үздік 100 әлемдік брэндті атады

05.10.2015
Сарапшылар ең үздік  100 әлемдік брэндті атады

Interbrand компаниясы жоғары технологиялар саласында қызмет етіп келе жатқан ең  ықпалды брэндтердің тізімін жасады.

Бұл тізімді міне, үшінші жыл қатарынан Apple и Google бастап келеді.  Бұл туралы мәліметтер Best Global Brands компаниясының 2015 жылғы есебінде жария етілді.

Айта кететін мәселе, аталған екі компанияның консалингтік бағалары тиісінше, 43-12 пайызға өсті. Сарапшылар Apple компаниясының консалтингтік құнын 170 млрд долларға,  Google компаниясынікін 120 млрд долларға бағалап отыр.   

Олардың соңынан Coca-Cola, Microsoft және IBM ілесіп келеді. Олар өткен жылғы көрсеткіштерін биылғы жылы да қайталады.

Сонымен қатар, әлемдік брэндтердің ондығына General Electric, Toyota, McDonald’s та ілінді, ондықтың соңында Amazon интернет-дүкені тұр.   

Айта кететін мәселе, 2015 жылы 100 үздіктің қатарына алғаш рет PayPal мен Lenovo компаниялары кіріп, олар тиісінше 97-ші және 100-ні орындарға орналасты.  

Nokia мен Nintendo керісінше, бұл тізімге биыл іліге алмады, деп хабарлайды korrespondent.net.

Хабарламаларға жазылу