Месси 2023 жылдың үздік футболшысы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Месси 2023 жылдың үздік футболшысы атанды

16.01.2024

Бүгін ФИФА халықаралық футбол федерациясы «2023 жылдың ең үздік ойыншысын» атады. Бұл жүлде америкалық «Интер Майами» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессиге бұйырды.

Алайда футболшы марапаттау рәсіміне қатысқан жоқ. Аргентиналық ойыншы мансабында үшінші мәрте «Жылдың үздік футболшысы» атанып отыр. Бұл атаққа Мессиден бөлек, «Пари-Сен-Жермен» клубының ойыншысы Килиан Мбаппе мен норвегиялық Эрлинг Холанд үміткер болған еді. Осы ФИФА нұсқасы бойынша, әйелдер арасынан Айтана Бонмати үздік футболшы жүлдесін алды. Барселона құрамасының жартылай қорғаушысы 2023 жылы «Алтын доп» иегері атанған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу