Талдықорғанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы көрсетілді

03.10.2015
Талдықорғанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы көрсетілді

Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында Талдықорған қаласының ипподромында 100 атты және 500 жаяу әскер кейпіндегі кәсіби қазақстандық каскадерлердің қатысуымен 3 бөлімнен тұратын тарихи қойылым көрсетілді.

Ауқымды шара барысында қонақтар мен көрермендердің назарына садақ ату мен жамбы атудан «Алтын жебе» турнирі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қымыз фестивальдері, қолөнер шеберлерінің көрмесі, қолданбалы өнерден шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Шараға арнайы келген облыс әкімі Амандық Баталов сөзінде: «Елім, жерім, халқым деп жаны күйзеліп, елінің ертеңіне алаңдап, бабаларымыз бірлікке ұмтылды, намысқа шапты. Ұлтының ұйытқысы болған хандар, қол бастаған батырлар, дуалы ауыз шешендер, билер тарих сахнасына шықты. Сондай ерекше оқиғаның бірі,  елдік пен ерлік сынға түскен - «Орбұлақ шайқасы» - деді. Шараның негізгі мақсаты - Қазақ хандығының құрылу тарихын жас ұрпаққа жеткізу.

Хабарламаларға жазылу