Америкалықтар лазерлі ұстара ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалықтар лазерлі ұстара ойлап тапты

03.10.2015
Америкалықтар лазерлі ұстара ойлап тапты

Калифорния ғалымдары Морган Густавсон (Morgan Gustavsson) мен Пол Бинан (Paul Binun) он жыл еңбектенген старт-ап жобаларын таныстырды. Өнертапқыш ғалымдар Skarp лазерлі ұстарасының көшірмесін ойлап тапты.

Skarp корпусы балқытылған аллюминийден жасалған. Тұтқасында шамамен бір айға жететін ААА батареясы орнатылған. Лазерлі бритва идеясының негізі оның хромофорларға (шаштың түсіне әсер ететін атомдар тобы) әсерінде жатыр.

Ұстараны пайдалану тәсілі қарапайым. Skarp шаш тигеннен кейін оны лазер арқылы қиып тастайды. Бұл процесс кезінде ешқандай да ашу, құрғақтық, тітіркену сынды дискомфорт болмайды. Skarp-ты пайдаланған кезде күйіп қалу қаупі мүлдем жоқ. Сондай-ақ, ұстараны кез-келген адам пайдалана алады.

Тағы бір айта кетерлігі, Skarp – өте тиімді. Оның қызмет ету уақыты шектелмеген. Пайдаланып болғаннан кейін тазалауды, қажетті жабдықтарын ауыстыруды қажет етпейді.

Сонымен қатар, ол экологиялық жағынан да пайдалы. Себебі, жыл сайын әлем бойынша 2 миллиардтан астам ұстара және ұстара картридждері қолданыстан шығады.

Хабарламаларға жазылу