Ауғанстандағы әуе апатынан мерт болғандар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандағы әуе апатынан мерт болғандар саны артты

02.10.2015
Ауғанстандағы әуе апатынан мерт болғандар саны артты

Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.  

Осыған дейін осы апттан 10 адамның мерт болғандығы хабарланған болатын, оның 5-уі амермкандық әскерлер  болса, қалғаны азаматтық қызметкерлер.  

АҚШ-тың Қарулы Күштері қызметінің өкілі, полковник Брайан Трибус ұшақ құлаған сәтте жерде болған ауғанстандық екі азамттың мерт болғандығын жеткізді.  

АҚШ-тың С-130 Hercules әскери-тасымал ұшағының құлағаны Ауғанстанның шығысында орын алды.  Апаттың салдары әзірге белгісіз алайда, алдын ала мәліметтер бойынша оған  ешкім оқ атпаған.

Hercules  АҚШ-тың ұтқыр әуе соққысы күштерінің негізгі бөлігі саналады. Ұшақ ірі көлдемдегі әскер мен техниканы тиісті орынға жеткізу үшін қолдыналады және аталмыш техника осыған дейін түрлі әскери қайшылықтар кезінде қолданылған.

Хабарламаларға жазылу