Бауыржан Исламханның соққан добы Еуропа Лигасының үздік голдар тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Исламханның соққан добы Еуропа Лигасының үздік голдар тізіміне енді

17.05.2016
Бауыржан Исламханның соққан добы Еуропа Лигасының үздік голдар тізіміне енді

Алматылық «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның соққан добы Еуропа Лигасының үздік голдар қатарына енді. Турнирдің үздік голын анықтау үшін британдық «BT Sport» телеарнасы сауалнама ұйымдастырған.

Ол тізімге бес үздік гол енген. Үздік голды дауыс беру арқылы таңдамақ. Мына сілтеме арқылы Бауыржан Исламханға дауыс бере аласыздар. Жеңімпаз 19 мамырда өтетін Еуропа Лигасының финалынан кейін анықталады.

Үздік голдың қатарына Бауыржан Исламханның Еуропа Лигасының үшінші іріктеу турниріндегі шотландиялық «Абердин» (2:1) клубына соққан голы енген.

Хабарламаларға жазылу