Кез келген ата-ана үшін баласының жақсы тамақтанып, денінің сау болып өсуі маңызды. Егер балаңыз мүлде тамақ жемейтін болса, алдымен оны психологқа көрсеткен жөн.
Баланы ешуақытта мәжбүрлемеген дұрыс. Әйтпесе балада тамаққа деген жиіркеніш пайда болып, соңы гастрит, стресс, неврология сияқты ауруларға соқтыруы мүмкін.
Бала еркімен тамақ жеуі үшін кейбір ата-аналар театрландырылған шағын көрініс ұйымдастырып жатады. Бұл да дұрыс.
Бала тамақтанудың қаншалықты маңызды екенін өзі түйсінуі қажет.
«Алдыңдағы тамақты жеп қойсаң, саған кәмпит әперемін» немесе «тамағыңды жеп тауыспайынша, орныңнан тұрмайсың», «мультфильм көрсетпеймін» деген сияқты бопсалаумен өскен бала кейін жеке тұлға ретінде қалыптасқанда өз ортасынан бір әрекеті үшін үнемі бір нәрсе тіленіп тұратын болады.
Балалардың тәбетін қалай ашқан жөн? Психологтың кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.