Асыранды балалардың жай-күйі қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асыранды балалардың жай-күйі қалай?

23.02.2015
Асыранды балалардың жай-күйі қалай?

Елімізде балалықтың базарын сезінбей, шын қуанып күле алмаған, ата-анасына еркелей алмаған сәбилер көбейіп барады. Иә, бізде жетім балалар саны көп. Әрине, жетімдер үйі барлық мемлекеттерде бар.

Алайда, қазақ ежелден жетімін қаңғыртпаған, жесірін теңтіретпеген халық. Өркениет дамығаннан бері біздің елде де жетімдер үйі, қариялар үйі қаптап кетті. Ал, бұл тек жеке бастың емес, қоғамның қасіреті.

Өкініштісі, жарық дүниеге келмей жатып, тағдыр тәлкегіне тастап кеткен анасының қатыгездігін сезінген бала  мына жалған дүниеде  зорлық, жауыздықтың да барын тым ерте  сезініп өседі.  Туған перзентіне тасбауыр көкек аналардың кесірінен жетімдер үйінде өсіп жатқан балалардың құқығы қалай қорғалуда?

Асыранды балалардың жай-күйі қалай? Патронаттық тәрбиедегі балаларға кім жауапты? Бүгін 18.55-те «Заң және біз» хабарынан біліңіз.

Хабарламаларға жазылу