«Балапан» телеарнасының сайты Award.kz ұлттық интернет байқауына қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасының сайты Award.kz ұлттық интернет байқауына қатысуда

30.09.2015
«Балапан» телеарнасының сайты Award.kz ұлттық интернет байқауына қатысуда

«Балапан» телеарнасының сайты (balapantv.kz)  Award.kz ұлттық интернет байқауына «Масс-медиа» аталымы бойынша қатысуда. Сайыста интернет-ресурстардың ақпараты, дизайны мен техникалық сапасы бағаланады.

Байқау шарты бойынша, үздіктер сарапшылар бағасы, интернет қолданушылардың SMS дауысы  және  әлеуметтік желілерде бөлісушілер белсенділігі бойынша  анықталады.

balapantv.kz сайтына дауыс беру үшін 9686 нөміріне А(бос орын) 2823 санын теріп, жіберу керек. SMS құны - 105 KZT.

«Балапанның» барлық көрермендерін сүйікті арналары үшін дауыс беруге шақырамыз.

 

Еліміздегі тұңғыш «Балапан» балалар телеарнасы «Қазақстан»РТРК» АҚ құрамында 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылды.

Сол уақыттан бері арнаның balapantv.kz сайты жұмыс істеп келеді. Еліміздің әр түкпіріндегі балалардың телеарнаны онлайн жүйесінде көру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ,  бүлдіршіндер эфирден өткен барлық хабарларды «Сайт мұрағатынан» тамашалай алады.

Сайт оқырмандары күн санап өсуде. «Google Analytics» есептеуіші бойынша күнделікті оқырмандар саны 2 мыңға жуықтайды, ал айына 200 мыңға жуық бүлдіршін өзіне қажеттісін табады.

«Сен білесің бе?», «Ол қандай бала болған?», «Алтын сақа»,  «Балапаннан базарлық» айдарлары бойынша бүлдіршіндерге танымдық ақпараттар ұсынылса, «Қолөнер», «Дәмді» айдарлары балдырғандарды шеберлікке, аспаздыққа баулиды.

«Балапанның қонағында» еліміздегі және халықаралық деңгейдегі білім, спорт, өнер сайыстарында топ жарып, еліміздің атын әйгілеп жүрген балалармен сұхбат беріледі.

Ал, «Ол қандай бала болған?» бөлімінде ұлтымыздың ұлы тұлғалары Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Әлихан Бөкейханов және тағы да басқалардың балалық шақтары туралы әсерлі әңгімелер жарық көрді.

«Қиял қанатында» балалардың шығарған өлеңдері мен салған суреттері жарық көрсе, «Балапанға хат» айдарында балдырғандардың арнаға жолдаған өтініш-тілектері берілген.

Сондай-ақ, «Менің атым...», «Балапанның» ата-анасына»  айдарларында бүлдіршіндерден бөлек, күн сайын олардың ата-аналары үшін қажетті мәліметтер жарияланады.

Хабарламаларға жазылу