«Бүгін - жексенбі» бағдарламасында қонақта – «Балапан» телеарнасының жүргізушілері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін - жексенбі» бағдарламасында қонақта – «Балапан» телеарнасының жүргізушілері

27.09.2015
«Бүгін - жексенбі» бағдарламасында қонақта –  «Балапан» телеарнасының жүргізушілері

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Бүгін - жексенбі» бағдарламасында «Балапан» телеарнасының  «1000 түрлі сұрақ» хабарының жүргізушісі Ернар Тайжан мен «Ойлан, тап!» бағдарламасының кішкентай жүргізушісі Еңлік Ғаниқызы қонақ болады.

Хабар барысында жас журналистер тікелей эфирдегі бағдарламаны жүргізудегі қиындықтар, тізгіншілерге қойылатын талаптар туралы айтып,  эфир кезіндегі  қызықтарымен бөліседі.

Сондай-ақ, «Балапан»  телеарнасының 5 жылдық мерейтойы, телеарна жаңалықтары мен жобалары туралы да сөз қозғайды.  

Айта кетейік, «Бүгін - жексенбі» хабары бүгін сағат 09:30-11:00 аралығында эфирге шығады. 

Хабарламаларға жазылу