Салтанат Каримова тиындардан аппликация жасауды әдетке айналдырған. Шебер әрбір картинасы арқылы түрлі ой айтқысы келеді. Ол «бұл дүниелерді жасау оңай. Тек идея болуы керек және ол үшін көп құрал-жабдық керек емес»,-дейді.
«Барқыт мата, асыл немесе жылтыр тастар, тиындыр – міне, біздің жұмысымызға ең қажетті заттар осылар. Содан кейін жиектеменің тақтайына матаны жабыстырып, тастар мен тиындарды салған бейнеміздің үстіне орналастырамыз»,-дейді ол.
Он жыл бухгалтер болып қызмет еткен Салтанат сән әлемінде жұмыс істеуді ұйғарған. Оның осы қолөнерді қолға алғанына бір жылдай уақыт болған. 40-тан астам картина әзірлеген ол бүгінде тапсырыстың өте көп түсетінін айтады.
«Әлі күнге дейін картиналарымның нақты бағасын қоя алмай жүрмін. Кім қаншаға бағалайды, соншаға беремін. Кейде сыйлық ретінде ұсынамын. Төл теңгеміз тарихтан ойып тұрып орын алары анық. Соған мен де аз да болса, үлесімді қосқым келеді»,-деді Салтанат.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.