«Алдын ала мәліметтер юойынша Сауд Арабиясындағы Мекке маңында болған адамдардың кептелісінен мерт болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Қазіргі таңда тексеру жұмістары жүріп жатыр. Қажылыққа аттанған қазақстандықтардың көпшілігі қазір Мекедегі Әл-Харам мешітінде. Бүгінде 4 мыңға жуық қазақстандық қажылық сапарда»,-деп жазды баспасөз қызметінің жетекшісі.
Ескерте кетейік, www.ntv.ru таратқан мәліметтер бойынша, Мекке маңындағы кептелістен зардап шеккендер саны 700 адамды құрап отыр. Ал, мерт болған адамдар 453-ке жетті.