Варшавада 24-қыркүйекте, бейсенбі күні таң ата қаланың басты жолдары жабылды деп хабарлады Польша радиосы. Онда мыңнан астам такси жүргізушілері әділетсіз бәсекемен күрес жүргізуде.
Қаладағы бірнеше компанияның жүргізушілері үкіметтің арнайы лицензиясы жоқ болғандығына қарамастан, жолаушылар тасымалдаумен айналысып жүрген көліктерге қатысты шарасыздық танытуда.
Алдымен таксилер қаланың ең басты жолдарын бітеп тастады, одан әрі польшалық Сеймге қарай жылжыды. Қарсылық шаралары түстен кейін аяқталуы керек.
Такси жүргізушілерінің айтуынша, әділетсіз бәсекелестікпен күрестің өзге жолы жоқ.
«Өкінішке орай, мемлекет шағын кәсіпкерлерге мүлдем жаны ашымайды және бізде қорғаныс шаралары да қарастырылмаған»,-дейді такси жүргізушілері.
Олардың сөздерінше, кейбір компания өкілдері қандай да бір рұқсат қағазын немесе арнайы лицензия алмастан, адамдарды тасымалдаумен айналысып, заңды такси жүргізушілерінің мүлдем төмен бағаға жұміс істеулеріне мәжбүрлеуде, деп жазады korrespondent.net.