Маңғыстау облысында жаңа көпсалалы клиника ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жаңа көпсалалы клиника ашылды

24.09.2015
Маңғыстау облысында жаңа көпсалалы клиника ашылды

Нысан «Даму» кәсіпкерлік дамыту қоры» акционерлік қоғамының қолдауымен «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасының аясында салынды.         

«Аталмыш клиника облыстың тұрғындарына жоғарытехнологиялы медициналық көмек көрсете отырып, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету жұмыстарымен де айналысатын болады. Клиника осы бағыттар арқылы осы өңірдің денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерінің нығаюына айтарлықтай үлес қосады деген үміт бар. Бұл  нысан сонымен қатар, еліміздің барлық өңірлерінен тұрғындарды тарта отырып, Маңғыстау аймағында медициналық туризмнің дамуына да ықпал етеді деген үміт бар»,-дейді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.   

55 орынға бағытталған жаңа медицина нысаны сербиялық «Энергопроект высокоградня» компаниясы тарапынан халықаралық стандарттар негізінде салынған. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталған.     

Нысанның  аумағы 11 мың шаршы метр аймақты алып жатыр. Аурухананың заманға сай жоғарытехнологиялы техникалық-инфрақұрылымдық базасы бар. Сонымен қатар, онда қазіргі заманғы клиникалық-диагностикалық зертхана орналасқан.

Онда қолданылатын медициналық технологиялар кез-келген деңгейдегі диагностикалық процедураларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нысанның стоматологиялық департаменті түрлі терапевтикалық, хирургиялық, ортодонтикалық және ортопедикалық процедураларды жүзеге асыруға арналған теңдесі жоқ құрылғылармен жабдықталған, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Хабарламаларға жазылу