Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылып кетті

21.09.2015
Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылып кетті

WBA(Super)/WBC (Interium)/IBF/IBO титулы үшін өтетін жекпе-жекке Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (33-0, 30 КО) канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) шығады. Жекпе-жекке 1 айдан аз уақыт қалса да, билеттердің бәрі сатылып кеткен.Өйткені, бұл жолғы кездесудің орны ерекше.

Айта кетейік, билеттер құны бес топқа бөлініп, 50, 100, 200, 300 және 500 АҚШ долларынан сатылған.

Әлем бойынша көрермендер кездесуді НВО телеарнасының ақылы көрсетілімі (PPV) арқылы тамашалай алады. Ал, еліміз аумағында жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 18 қазан күні тікелей эфирде көре аласыз. 

Хабарламаларға жазылу