Владимир Кличко: Геннадий Головкин - теңдесі жоқ дарын иесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Кличко: Геннадий Головкин - теңдесі жоқ дарын иесі

21.10.2015
Владимир Кличко: Геннадий Головкин - теңдесі жоқ дарын иесі

Танымал украин боксшысы Владимир Кличко Головкин мен Лемье жекпе-жегі туралы пікірін айтты.

«Геннадий Головкинді бақылап жүрмін! Ол - теңдесі жоқ дарын иесі. Лайым солай болсын!» - деп Владимир Кличко өзінің Твиттердегі парақшасына жазған.

Еске сала кетейік, кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий  Головкин IBF чемпионы Давид Лемьені 18-қазан күні өткен жекпе-жектің 8-ші раундында теxникалық нокаутпен жеңген болатын.  

Хабарламаларға жазылу