Жұмыстағы стресс денсаулыққа кері әсерін тигізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыстағы стресс денсаулыққа кері әсерін тигізеді

19.09.2015
Жұмыстағы стресс денсаулыққа кері әсерін тигізеді

Жұмыстағы стрес пен қалжырау – денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Гарвард институтының бір топ сарапшысы жұмыстың денсаулыққа әсерін зерттеген.

Тәжірибе кезінде қызметкерді әлеуметтік қолдау, медициналық сақтандыру, басшылықтың талаптары,  әріптестердің ашықтығы мен шыншылдығы және тағы да басқа факторларға мән берілген.

Мамандардың анықтауынша, мезгілсіз  өлімнің ең көп тараған себептері  - жұмыссыздық,  жұмыс барысын дұрыс жоспарлай алмау және медициналық сақтандырудың болмауы. Ғалымдар мұндай факторлар көбінде өлімге апаратынын айтады.

Сондай-ақ, аяқасты қазаның 20 пайызы жеке өмірге әсері ететін жұмыстың салдарынан болуы мүмкін.

Ал, өлімнің  50 пайызына қатал басшылық пен агрессивті әріптестер себеп болуы ықтимал.

news.day.az

Хабарламаларға жазылу