Жұмыстағы негатив эмоциядан қалай арылуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыстағы негатив эмоциядан қалай арылуға болады?

22.11.2015
Жұмыстағы негатив эмоциядан қалай арылуға болады?

Жұмыс уақытында туындайтын негатив эмоциядан қалай арылуға болады? Мамандар кеңесін ұсынамыз.

Жаман ойға берілмеу

Көбінде жұмыстағы жайсыздық  күні бойы көңіл-күйдің бұзылуына әсер етеді. Адам жағымсыз эмоциядан шыға алмай, тіпті үйге қайтар жолда болған оқиғаны ойша талдайды.  Кейде жұмыстағы негативтің әсерінен  түнде дұрыс ұйықтамауы мүмкін.

Алайда, ойдың көмегімен мұндай мәселені шешуге болады, дейді мамандар. Олардың айтуынша, позитив көңіл-күй стреспен күресуге септігін тигізеді.

Себебі стресс тек көңіл-күйді түсіріп қана қоймай, физикалық денсаулыққа да әсер етеді. Жағымсыз ойлар мен естеліктерден арылу үшін жақсы дүниелерге көңіл бөлу керектігін айтады.

Бұл барлық адамның қолынан келмеуі мүмкін. Сондықтан қызметте болған жайсыз жағдайларды жұмыстың ажырамас бөлігі ретінде қабылдап, оған аса мән бермеген жөн, дейді мамандар.

Тәжірибе

Миннесота университетінің кафедра жетекшісі Тереза Гломб басшылығымен қызықты зерттеу жүргізілген. Тәжірибе мақсаты – жеңіл депрессиямен өмір сүретін адамдардың көңіл-күйін көтеру.

Мамандар жүргізген зерттеу көлемі үлкейіп, оған медицина саласында қызмет ететін еріктілер де  қатысқан.

Қатысушыларға жұмыс күні аяқталған соң сауалнама толтыру туралы тапсырма берілген.  Олар жұмыс кезінде қандай жағдай қуантқанын есіне түсіру керек болған.

Мысалы, зерттеуге қатысушылар жұма күні жақындаған сайын қуанатынын жазған. Сондай-ақ, олар әріптестерінің ілтипатына бөленгенде, ауыр жағдайдағы емделушіге кәсіби тұрғыда көмек көрсеткенде өздерін ерекше сезінетінін айтқан.

Тәжірибе 3 аптадан кейін аяқталады. Зерттеуге қатысушылар шаршау мен жағымсыз эмоция туралы шағым айтуды қойған.

Сонымен қатар, олар жұмыс күнінен соң отбасы ортасында қызметтегі мәселелерді талқылауды доғарған. Жұмыс уақытынан тыс кезде көңіл-күйдің көтеріңкі болуы түнгі ұйқыға әсер еткен.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

Хабарламаларға жазылу