Тәтті сусын өндірушілерге салынатын салық төңірегіндегі тартыс толастар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәтті сусын өндірушілерге салынатын салық төңірегіндегі тартыс толастар емес

14.10.2022

Тәтті сусын өндірушілерге салынатын салық төңірегіндегі тартыс толастар емес. Бұл жолы кәсіпкерлер акциз бағасын көтермеу үшін жаңа ұсыныс жасап отыр. Яғни сусындарға қосылатын қант мөлшерін 10 пайызға азайтпақ. Айтуларынша бұл тәтті өнімнің денсаулыққа кері әсерін азайтады. Сол үшін қосымша салық салудың қажеті жоқ. Десе де денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен мұндай кәсіпорындарға келесі жылдан бастап акциз көтерілмек. Өйткені тәттіні тұтынудың салдарынан елімізде қант диабеті, семіздік және жүрек қан тамыры аурулары көбейген. Бірақ өндірушілер қосымша салық, өнімнің қымбаттауына және кейбір кәсіпорындардың жабылуына әкелетінін айтқан еді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу