Тайландта жібек құрты мен табиғи каучуктан оқ өтпейтін кеудеше жасалып, тәжірибе жүргізілді.
«Кеудеше оқты адам денесіне өткізбейды. Сонымен қатар, кинетикалық соққы күшін азайтады. Оқ кеудеше матасына шырмалып қалады», - дейді өнертапқыштардың бірі, Кхонкэн университеті инженер факультетінің доценті Пханомкон Кхо-Ахонг.
Кеудеше 22-ден 9-ға дейінгі калибрлі мылтық және тапанша оғынан қорғай алады. Салмағы – 4 келіден артық. Жуандығы – 2 см.