Ғалымдар: Орта жастағы адамдар жастарды түсінбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Орта жастағы адамдар жастарды түсінбейді

19.09.2015
Ғалымдар: Орта жастағы адамдар жастарды түсінбейді

Орта жастағы адамдарда күйзеліс болмайды. Бұл тек адамның өзін-өзі сендіруінен туындайды.  Ұлыбритания ғалымдары  осындай  тұжырым жасады. Олардың айтуынша,  орта жас мөлшерін анықтау мүмкін емес.

50 жас шамасындағы сауалнамаға қатысушылардың 43 пайызы өздерін орта жасқа кірмегендер қатарына жатқызған.  Ал, 2000 адамның  53 пайызы орта жастан өткенін айтқан.

Мамандардың мәліметінше, өмір сүру жасының ұлғайғаюына, спортпен айналысу сәнге айналуына байланысты адамдар бүгінде 40-тан асқанын байқамайды. Олар өз-өзін кәрі сезінген жағдайда адам  қартая бастайды деп ойлайды. 

Ал, ғалымдар орта жастағы адамдарды былай анықтауға болатынын айтады: олар жастардың не айтып жатқанын түсінбейді, гаджеттер ашуын келтіреді, буындары ауырады.

Сондай-ақ, көп ұйықтағысы келеді. Шулы орындарды ұнатпайды. Сәнге емес, ыңғайлы киімдерге басымдық береді.

Сонымен, ғалымдар орта жас - 55 жастан, ал қарттық кезең – 69 жастан басталады деген қорытындыға келген.

Хабарламаларға жазылу