Қызылордалық Назерке Өмірғалиева өрттен құтқару спортынан өткен Әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды
Онда Қызылорда өңірінен барған 20 жасар Назерке Өмірғалиева қол жүлдені жеңіп алды.
Әлемдік жарыстың жеңімпазын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар комитетінің «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің ұжымы күтіп алды.
«Назерке бала кезінен қалалық, облыстық тіпті республикалық спорттық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүрген жастардың бірі. Осыған дейін ол түрі деңгейдегі жарыстардан 50 мақтау қағазы мен 30 медаль алып келген. Оның 12-і бірінші орындікі»,-делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.