Қазақстандық боксшылар Венгриядан олжалы оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық боксшылар Венгриядан олжалы оралды

12.02.2017
Қазақстандық боксшылар Венгриядан олжалы оралды

Венгрияның Дебрецен қаласындағы «Иштван Воскай» атындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Қазақ боксшылары 1 алтын 1 күміс 2 қола медаль жеңіп алды.

61-ші рет байрағын желбіреткен додаға әлемнің 20 елінен 160-қа жуық боксшы қатысты. Қазақ боксшылары да мажар елінің шаршы алаңында бақ сынап, жүлделі орыннан көріне білді.

75 келіге дейінгі салмақта Ерік Әлжанов жарыс жеңімпазы атанды. 81 келіге дейінгі салмақта Шаймұрат Құсайнов күміс жүлдені жеңіп алды. Ал Азат Махметов (-52 келі) пен Илья Очкин (-69 келі) қола медальды қанағат тұтты. Бұл боксшылардың барлығы да былтыр Павлодарда өткен ел чемпионатында жеңіске жетіп, ұлттық құрама сапына іріктелініп алынған болатын. 

Биылғы жылы қазақстандық боксшыларды екі үлкен бәсеке күтіп тұр. Оның бірі - әлем чемпионаты болса, екіншісі - Азия біріншілігі. Азия чемпионаты 30 сәуір - 7 мамыр аралығында Джакартада (Индонезия) өтсе, әлем чемпионаты 25 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Гамбургте (Германия) өтеді.

vesti.kz

Хабарламаларға жазылу