Бұл туралы Сочи қаласында өтіп жатқан Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының XII форумының қарсаңында іс-шараға қатысушы қазақстандық ауыл шаруашылығы саласының өкілдері айтты, деп хабарлайды «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы форум ертең 16 қыркүйекте екі елдің Мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп күтілуде.
Іс-шараның аясында «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының перспективалары» деп аталатын мамандандырылған көрме өткізу жоспарлануда, онда ресейлік өндірушілерден басқа 60-тан астам қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың өкілдері қатыспақ.