«Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Интеграция игіліктері» тақырыбында телекөпір өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Интеграция игіліктері» тақырыбында телекөпір өткізді

30.04.2014
«Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Интеграция игіліктері» тақырыбында телекөпір өткізді
«Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Интеграция игіліктері» тақырыбында телекөпір өткізді.Бағдарлама барысында Кедендік одаққа мүше елдердегі кәсіпорындардың өзара әріптестігі тікелей эфирден көрсетілді.
 
Мысалы, Ресейдің Миасс қаласындағы «Урал автомобиль» зауыты былтыр Семей қаласында өз көліктерін құрастыруды бастады. Қазақстандық зауыттан жылына жол талғамайтын 400 техника жасап шығару жоспарланып отыр.
 
Сонымен қатар, Қостанайдағы «Казпинсталь» және «Агромашхолдинг» кәсіпорындары ресейлік әріптестерімен іскерлік қарым-қатынас орнатқан.
 
Алғашқы аталған өндіріс орнында құрылысқа қажет арматура дайындалса, «Агромашхолдинг» зауытында ауылшаруашылығы техникалары жасалады.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу