Қазақстан мен Ресей біріккен әскери жаттығу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей біріккен әскери жаттығу өткізді

08.10.2014
Қазақстан мен Ресей біріккен әскери жаттығу өткізді

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі кен орындардың бірінде сырттан шабуыл жасалды. Кенеттен соққан дабылға әуе және теңіз күштері мен диверсанттар толықтай жұмылды. Қазақ-Ресей біріккен әскери жаттығуының негізгі желісі осындай.

Жаттығуға 4 кеме қатысты. Оның екеуі ресейлік. Заманауи құрылғылармен жарақтанған «Орал» әскери су көлігінде 31 экипаж жұмылдырылды.

Ендігі  жаттығу Ресей жерінде өтеді деп жоспарланды. Қазақстандық теңізшілер көршілес әріптестерімен тәжірибе бөлісуді жалғастыра бермек.

Жазира ӘБІЛ

 

Хабарламаларға жазылу