Қазақстандық оқытушылар еуропалық әріптестерімен пікір алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқытушылар еуропалық әріптестерімен пікір алмасты

20.12.2019

«Еуропалық Одақтың білім саласындағы инновациялық әдістерін қалай меңгеруге болады? Кәрі құрлықтың беделді оқу орындарымен ынтымақтастықты арттырудың жолы қандай? Отандық университеттердің оқытушылары Брюссельде осы мәселелер бойынша еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасып жатыр.  

«2018 жылдың үздік оқытушысы» грантының иегерлері Өзбекстан, Грузиядан жиналған әріптестерімен бірге Еуропалық комиссияның, Еуропарламенттің жұмысымен танысты. Бельгиядағы оқу ордаларымен білім саласына инновациялық әдістерді, технологияны енгізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Одақтың осы саладағы озық жетістіктеріне қанықты.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу