Шымкентте «Silk Road Fair» республикалық туристік жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Silk Road Fair» республикалық туристік жәрмеңкесі өтеді

15.09.2015
Шымкентте «Silk Road Fair» республикалық туристік жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке жұмысына өзге облыстар, туристік ұйымдар, қонақ үй кешендері, шипажайлар, демалыс аймақтары, ұлттық табиғи парктер мен қорықтар, туризм саласы мамандарын даярлайтын жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өкілдері қатысады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Туризм қауымдастығы, «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ, Еуропаның, Азияның және Қазақстанның жетекші туристік ұйымдары, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысатын болады.

Жәрмеңке барысында «ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізудегі өңірлік туризмнің рөлі» тақырыбында форум және «Шымкент конвеншн орталығының» тұсаукесер рәсімі өтеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Үздік көрме экспозициясы» және «Үздік ақпараттық-жарнамалық пакет» аталымдары бойынша, байқау өткізілмек. Маркетингтік қызметтің маңыздылығы, ішкі туризмді дамыту, ЭКСПО – 2017 көрмесі аясында туристік пакет әзірлеу бойынша туристік операторлар мен қонақ үй бизнесі өкілдеріне семинар-тренинг өткізілетін болады.

Бұған қоса, іс-шара аясында туристік өнімдерге жеңілдік акциялары, «Риксос Хадиша Шымкент», «Канвас», «Қайнар» секілді ірі қонақ үйлердің қатысуымен туризм саласында бос орындар жәрмеңкесі, мәдени бағдарлама және т.б. шаралар өткізілетін болады.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу