«Global Silk Road» Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Global Silk Road» Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумы өтуде

03.07.2018

«Қалалардың экологиялық-инновациялық дамуын бірлесе жүзеге асыруымыз қажет». «Global Silk Road» Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумына қатысушылар осындай ойларымен бөлісті. Ірі мегаполистердің экологиялық ахуалын жақсарту, тұрғындар үшін жайлылықты арттыру жиынның басты көздегені. Әлемдік дәрежедегі бастамаларды көтеріп жүрген мамандар елордаға арнайы келіп тәжірибелерімен бөлісті. Форум барысында Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы «Жібек жолы супер жүйе» жобасын ұсынды. Тиімділігі дәлелденген бастамалар болашақта қаржыландырылып, жүзеге асырылады.

Салтанат Рахметова, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы басшысының орынбасары:

- Осы форумның аясында біз жастарды көп жұмылдырып отырмыз. Стартап жобалар көп болуы керек. Жалпы, осындай үздік инновациялық, инвестициялық жобалардың нағыз жүзеге асатын кезі келіп отыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу