Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды

31.07.2017

Бүгін Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды. Ару Жайықтан ерке Есілге сәлемін алып келген оралдықтар көрмеде бар жақсысын ұсынбақ. Бір аптаға созылатын іс-шарада өңірдің жетістігі, дамуы мен келешегі таныстырылып, инновациялық жобалардың тұсауы кесіледі. Бес күннің ішінде қолөнер шеберлері мен суретші-мүсіншілердің көрмесі, Оралдағы қос театр майталмандарының сахналық туындылары, өнер ұжымдарының концерті жұртшылық назарына ұсынылады.

Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, өзге де танымдық-мәдени шаралар өткізілмек. Төрткүл дүние көз тіккен көрмеге Батыс Қазақстан облысынан 600-дей делегат келді.  

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу