Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Индустриялар және даму министрі Ә.Исекешев бірқатар келісімдерге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Индустриялар және даму министрі Ә.Исекешев бірқатар келісімдерге қол қойды

10.09.2015
Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Индустриялар және даму министрі Ә.Исекешев бірқатар келісімдерге қол қойды

Шара барысында әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Алматының әлеуеті мен мүмкіндіктері қаралды.

ҚР Иинвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Алматының өңірлік стартап хабқа айналар мүмкіндігі жоғары екендігін атап өтті.  

Өз куезегінде сөз алған Алматының әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі күні шикізат нарығында қалыптасқан күрделі жағдайға, әлемдік және өңірлік экономиканың бәсеңдеуіне қарамастан, Алматының даму динамикасы тұрақты екендігін жеткізді.

Бұдан өзге әкім қалада еңбекпен қамтуда, бизнесті қолдауда, инвестиция тартуда, бюджеттің ішкі мүмкіндіктерін ашуда, шығындарды азайтуда нақтылы шаралардың жүзеге асқандығын айтты.

Жұмыспен қамту мен салық түсімінің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Инфляция процесстерін тежеу мен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге жете назар аударылған, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Сондай-ақ Ә.Исекешев пен Б.Байбек 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандум мен «Инновациялық технлогиялар паркі» және «Сименс» ЖШС арасындағы үшжақты құжатқа қол қойды. Екінші құжатат арнайы инновациялық технологиялар паркі аумағында энергияны үнемдеу және оның тиімділігін арттыру орталығын құру қарастырылған.

 

Хабарламаларға жазылу