Үкімет үйінде Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы туралы келісімдерге қол қою рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет үйінде Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы туралы келісімдерге қол қою рәсімі өтті

13.08.2017
Үкімет үйінде Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы туралы келісімдерге қол қою рәсімі өтті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяковтың қатысуымен бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан мен Беларусь Үкіметтерінің арасындағы рәсім кезінде бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойылды.

Бұдан өзге, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Беларусь Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  

Қазақстандық «Хабар» агенттігі мен беларусьтік «Белтелерадиокомпаниясы» арасында жеке келісімге қол қойылды.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов, БР Ұлттық ғылым академиясының төралқа төрағасы В. Гусаков, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы А. Еренов, Беларусь Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы В. Улахович, «Хабар» агенттігінің басқарма төрайымы А. Ахметжанова мен «Белтелерадиокомпания» төрағасы Г. Давыдько келісімдерге қол қойды.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу