Қазақ-қырғыз шекарасында 500 жүк көлігі кептеліп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз шекарасында 500 жүк көлігі кептеліп тұр

20.11.2023

Қазақ-қырғыз шекарасында тағы да 500 жүк көлігі кептеліп тұр. Ұзын-сонар тізілген көлік кезегінің видеосы әлеуметтік желіде тарады.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұны ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық жиі тұтынатын тауарлар экспортының артуымен байланыстырып отыр.

Қазір шекара қызметі мал өнімдері мен тез бұзылатын азық-түлік тиелген жүк көліктерін бақылау бекетінен кезексіз өткізіп жатыр. Соңғы тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 280 көлік шыққан. Ал елімізден жөнелтілген жүк көліктеріне ешқандай шектеу жоқ.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу