ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды

08.09.2015
ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша бүгін кенеттен тексеру басталды. Толық жауынгерлік әзірлікке Қазақстанның бес облысы, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан әскери қызметшілерінің күштері келтірілді. Мұндай ауқымды тексеріс ҚР Қарулы Күштерінде бірінші рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.  

Бұйрықн бойынша бір уақытта жоғарыда аталған облыстарда 10 000-ға жауық әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшелері, 2 000-нан астам бірлік техника жауынгерлік даярлыққа келтірілді, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды. Алдағы апта ішінде әскерлер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды, оның ішінде Іле өзенінің су бөгетін алмастыруды пысықтайды, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерімен әуеден қолдау жүзеге асырылатын болады.

Әскерлердің іс-қимыл барысын ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаков бақылап отырды. Олар Қапшағай қаласындағы «Берег» оқу-жаттығу орталығына барды, онда 4 000 әскери қызметші, шамамен 1 800 бірлік техника мен қару-жарақ, 10-нан астам батальон жеке құрамы шоғырландырылды. Тексеріс нәтижесінде шартты заңсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардың соққы күштерімен тойтарыс беріледі.

Мұндай тексеру жүргізу әскерлердің далалық машығының деңгейін арттырудағы кезекті қадам болмақ. Дағдарыс аудандарыда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізуді пысықтау өте қажет және ол қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердің маңызды факторларымен байланысты.

Хабарламаларға жазылу