Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов елордаға «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен жеткізілетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов елордаға «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен жеткізілетін болды

08.09.2015
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов елордаға «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен жеткізілетін болды

Қарсы алушы топ ғарышкерлерді «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен алып жүретін болды.

«Қазіргі таңда қарсы алушы топ өкілдерін алып жүру үшін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ-ның   «МИ-8»  және «Еврокоптер- 145» тікұшақтары сақадай – сай тұр», -деп хабарлайды акционерлік қоғамның бапсасөз қызметі.  

Естеріңізге сала кетейік, Айдын Айымбетов 2-қыркүйек күні «СОЮЗ ТМА 18 М» ғарыш кемесімен  Халықаралық ғарыш стансасына ұшқан болатын.

Отандасымыз мұнда бірқатар ғылыми тәжірибелер, атап айтсақ  экология, физика және медицина саласында зерттеулер жүргізуде. Сондай-ақ, бұл күндері қазақ ұлттық тағамдарын ғарышкерлер рационына енгізу ісін тәжірибеден өткізіп жатыр.

Айта кетер жайт, Айдын Айымбетов бұл сапарын Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ата Заңымыздың 20  жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығына арнайтындығын айтқан болатын.

 


  

Хабарламаларға жазылу