Композитор, күйші, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбеков «Таңшолпанда» қонақта.
Секен Тұрысбековтің тұңғыш күйі - «Көңіл толқыны». 1985 жылы шыққан. Одан басқа күй қоржынында «Ақ жауын», «Жазғы қар», «Бесік күйі», «Күлтегін», «Көкбөрі», т.б ән-күйлер мен романстар да бар.
«Таңшолпан» студиясында жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.
«Мәңгілік - ол сұрау, жалбарыну. Батырларымыз ұйқысыз, күлкісіз жүріп, құс қанаты талып, тұлпардың тұяғы тозатын ұлан-ғайыр даламызды сақталып қалды. Осы бақытымыз баянды болсын, деген тілектен шыққан туынды», дейді күйші.
Күйдің толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.