Қызылордада күзде 510 пәтер пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада күзде 510 пәтер пайдалануға беріледі

07.09.2015
Қызылордада күзде 510 пәтер пайдалануға беріледі

«Шұғылада» 50 пәтерлі бір, 60 пәтерлі үш үй салынып жатыр. Яғни, «Қазақстандық несие компания» АҚ тарапынан жалпы ауданы 13400 шаршы метр болатын 230 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мердігер компания «Жабдықтау» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтамақ.

Тағы 280 пәтерлі 5 үй «Арай-2» мөлтек ауданында орналасқан. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл үйлер қазан айында пайдалануға беріледі. 

Аймақ басшысы құрылысшыларға сапаға аса мән беріп, уақытында нысанды тапсыру қажеттігін ескертті.

Жалпы алғанда, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 2080 пәтерлі 41 үй пайдалануға берілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу